Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ырза Тұрсынзада: «Батыс өңірінің қыздары бүкіл қазақ даласына үлгі»

Дизайнер Ырза Тұрсынзада маңғыстаулық қыз-келіншектерді бүкіл қазақ даласына үлгі деп санайды. Себебі, мұндағы салт – дәстүр сахнаға алып шығуға арналмаған. Қазақтың киім кешегі, әдет-ғұрыптары күнделікті қолданыста.

Бұл пікірмен Қазақ радиосындағы «Қайырлы таң, қазақ елі!» таңертеңгілік бағдарламасында дизайнер Ырза Тұрсынзада бөлісті.

«10 жылдан бері естіп келемін, өзіміздің өнеріміз өзімізге өгей болып қалды деген пікірді. Менің өзімде төл мәдениетіміз өзімізден алшақтап кетті деген қорқыныш көп болатын. Аймақтарды аралаған сәтте осы өнерге қызығатын жан табылар ма екен деген ой бірінші оралатын. Өңір өңірлерді аралаймыз. Сонда шынында риза боламын. Маған тігіс тігу ешкімге керек еместей көрінетін. Бірақ, олай емес екен. Себебі, өңірлерге үйретуге барсақ, белгіленген уақыттан асып, қыз-келіншектер көп нәрсеге үйренуге тырысады. Титтей нәрсені көрсетсең, қолына ине алмалған қыздардың өзі тігуді бастап кетеді. Мен технологияға ғана көңіл бөліп қоймаймын, мен олардың ұлттық дүниені жаңғыруға атсалысып жатқандықтарын естеріне саламын. Нарық, кәсіп деп қарамауға шақырамын», - дейді дизайнер Ырза Тұрсынзада.