Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Назерке Жұмабай: «Өнер - таңқалдырудың құралына айналып кетті»

Театр ұжымдары жаңашылдыққа ұмтылып, көрермендерін таңқалдыруға көшті. Бұл бастама әсіресе, Астана қаласындағы мәдениет ошақтарының арасында белең алған.

Осындар пікірін Қазақ радиосындағы «Сахна сыры» бағдарламасында өнертанушы-журналист Назерке Жұмабай ортаға салды.
«Бұрын осыдан 7-10 жыл бұрын елдің барлығы Алматыдағы театрға асығатын еді. Қазір Астана театрлары бір-бірімен бәсекеге түсе бастады. Елордадағы кез-келген қойылым республика бойынша жаңалыққа айналып келеді. Мәселен, Қаллеки театрындағы «Шие» болсын, болмаса Горький атындағы театрдың «Пробуждение», Жастар театрының «Асауға тұсау» қойылымдары жаңашылдыққа ұмтылуға, жаңаша серпін әкелуге мүмкіндік болды. Тіпті, ұйқыда жатқан театрлардың оянуына ықпал етті. Бұған дейін театрлар теп-тегіс ғұмыр кешіп келді. Барлығы бір бағытта жұмыс істеді. Сахна деген – мәтінді дұрыс айтып, образға ену ғана болатын. Қазір театр деген синтездік сипатқа көшті. Яғни, әрбір әртіс ән де айта алады, би де билейді, акробатикамен де шұғылданады. Өнер таңқалдырудың құралына айналып кетті.Бұл бастаманы бір театрн бастаса, келесілері де осыны жалғастырып алып кетеді, - дейді өнертанушы-журналист Назерке Жұмабай.