Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әділет Шопен: «Ақын екенімді 3 жасымда сездім»

Ақын Әділет Шопен туа сала таңдауын жасады. Қаламгер екенін ол кішкентайынын сезген.

Бұл туралы Қазақ радиосындағы   «Қауырсын ғалам» бағдарламасының қонағы айтты.

«3-4 жасымда ақын екенімді сезетінмін. Өлең дейтін бітпейтін дерт. Сол кезде жұқтырып, сол кезде басталған»,- дейді бағдарлама қонағы.

Студия қонағы сұхбат барысында журналистика факультетіне түскендігін тілге тиек етті. Алайда, өзін тану мақсатында жоғары оқу орнын тастап кеткенін жеткізді. 

«Қазір «Жерұйық» іздеп жүрмін. Асан қайғымын. Өзіңді тану деген процесс о баста басталған. Өзіңді тани түскенде өзіңнен қашу пайда болды. Ол бір бітпейтін дертке айналды. Сөйтіп жүргенде оқуымды тастап кеттім. Қазіргі таңда жеке шаруашылықпен айналысып жүрмін. Отбасын асырауға шама жетеді. Бәлкім еркелік шығар, сол сәттегі. Ең қызығы, өкініш жоқ»,- дейді жас ақын.