Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жарас Сәрсек: «Әлеуметтік желіде лайк жинау үшін жазатындар бар»

1990 жылы әдебиетке келушілерден қарағанда, кетушілер көп болды.

Бірі күн көріс қамымен кетсе, енді бірі кезбелік ғұмырға таңдау жасады.

2000 жылдан кейін елдің рухани сұранысына сай әдебиетке жаңа буын келді.

Бірақ, аға буын қашан да кейінгі толқынға көңіл толмайды. Санаулы ғана талантты топқа қолдау білдіреді.

Ақын Жарас Сәрсек ізбасарларынан кімді оқиды. Кімге бағыт – бағдар береді?  Осы сауалдарға қаламгер Қазақ радиосындағы   «АРМАНДАСТАР»   бағдарламасы бөлісті.

«2000 жылдан бастап жоғары оқу орнынан түсіп, мұғалім боламын деген жастардың бір қатары, яғни болашақ журналисттер, болашақ филологтар әдебиетке бет бұра бастады. 10 жылдың көлемінде мұндай дүние болған жоқ. Себебі, әдебиет өлмейді екен. Әдебиетшілердің ізбасарлары бар екен дегенде біз қуандық. Соңғы 7 жылда жазалатыны бар, жаза алмайтыны бар саңырауқұлайтай қаптап кетті. Ақынмын деп, өзін-өзі дәлелдеп айғайаттыға басатындар көбейді. Сол нәрсеге келгенде көңілімізге кішкене қаяу түседі. Әлеуметтік желіде лайк жинау үшін жазатындар бар. Оқырманның деңгейін лайкпен байланыстыратын жазғышбектер көп. Әдебиетке талғаммен қарайтын, екі шоғып бір қарайтын қаламгерлер әлеуметтік желінің әсеріне мән бермейді. Мәселен, мен Ерлан Жүніс, Бейбіт Сарыбай, Қанағат Әбілқайыр, Жадыра Байбұланова, Мерей Қартов сынды қаламгердердің болашағына сенемін»,- дейді Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының иегері Жарас Сәрсек.