Жеңіс Ысқақова: «Сахнада ғана Жеңіспін, әкем үшін Шоқанмын»

Әнші Жеңіс Ысқақова өзінің лақап аттары туралы айтты. Өнер иесі бұл ақпаратты Қазақ радиосындағы «ӘН САЛLIKE» бағдарламасында бөлісті.
«Кәмелетке толған кезде паспорт алатын кезде өзімнің есімім «Жеңіс» екенін байқадым. Сонда қатты қуандым. Әлі күнге дейін үйде анам «Женка» десе, әкем «Шоқан» деп атайды. Соған қарағанда ер бала күтті ма деген ой келеді. Мен 9-ыншы мамырда дүниеге келген кезде атымды әкем қойған. Бұл ер азаматтың есімі»,- дейді ол. 

Жеңіс Ысқақова 9 айдан бері Астана қаласында тұрады. Өнерпаз Алматыдан бас қалаға көшуінің себебін ұстаздықпен байланыстырады.
«Қазақ ұлттық өнер Университетінде эстрада өнер кафедрасының басшылық қызметіндемін. Әрі сол жерде сабақ беремін. Жастарға дәріс беріп, өнердың қыр сырын меңгертуге бет бұрдым»,- дейді әнші.