Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Айдана Аламан: «#ЖүрегімніңИесі - махаббаттың жетіспеушілігінен туған туынды»

Жүрегінің иесін іздеген жандардың тағдыры жас драматург Айдана Аламанды алаңдатпай қоймады. Себебі, бүгінгі қоғамға шынайы көңіл мен махаббат жетіспейді.

#ЖүрегімніңИесі.  Театр сыншысы алғашқы туындысын осылай деп атаған. Ол осы пьессасын 23 жасында жазыпты. 

Бұл туралы театр және кино сыншысы қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтты.

««Жүрегімнің иесі» қойылымы бір маусым бойы аншлагпен өтті. Қазіргі таңда адамдарға ақша барлығы жеткілікті. Оларға тек көңіл жетіспейді, махаббат жетіспейді. Дегенмен менде, қулық болды. Қойылымды заманауи бағытта және атауының өзін хэштегпен жаздым. Бірақ, көрермен күткен ерекше махаббат оқиғасы емес. Кәрі қыздың тағдыры суреттелген. Өзіме де махаббат қатты жеткілікті деп айта алмаймын, сондықтан да осы пьессаны жаздым деп ойлаймын»,- дейді бағдарлама қонағы.