Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жүрсін Ерманның мұрагері кім?

Жүрсін Ерманның мұрагері кім?
30 жылдан артық уақытын айтысқа сарып еткен Жүрсін Ерманның осы өнерге сіңірген еңбегі ұшан теңіз. "Шалқар" радиоысындағы «Таңжарық» бағдарламасына сұхбат берген айтыстың Асанқайғысы «Кейінгі буыннан аса таяғыңызды ұстататын лайықты мұрагеріңіз бар ма» деген журналист сұрағына былай деп жауап берді:
«Айтыс - біздің тамырымыз, дәстүріміз. «Айтыстың» айналасында талантты жастар жетерлік. Өзімнің сайлап, дайындап жүрген балаларым бар. Мысалы, ертең, яғни 15-16 ақпанда Алматыда ҚазҰПУ-нің 90 жылдығына орай студенттер арасында Республикалық айтыс өтеді. Сол айтысты жүргізуді шәкіртім - Шұғайып Сезімханға тапсырып отырмын. Сол сияқты жастар жетерлік. Серікзат Дүйсенғазин, Аманжол Әлтаев айтысты жүргізген. Бірақ, біздің қазақ қоғамындағы дерт - дайын нәрсеге келіп отыра қалу. Сондықтан жастар өздері талпынса, еңбектенсе деймін».