Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ән шеру - Жұлдыздар лигасы

Ән шеру - Жұлдыздар лигасы
Жоба атауы: Ән шеру - Жұлдыздар лигасы

Жүргізуші: Әсел Ергешқызы

Жоба сарапшысы: Айнұр Абайқызы, Саясат Идеятұлы

Жобаның өзектілігі:
Қазіргі таңда қоғамда ән мен әнші көбейіп, сапасы төмендеп кетті деген пікір қалыптасып қалды. Ән мәтінінің қате болуы, әуеннің ұрлануы, сапасыз аранжировка, т.б. олқылықтар қазақ эстрадасында қалыпты жағдайға айналғаны жасырын емес.
Осындай жағдайдың алдын алып, сүзгіден өткізуді «Қазақ радиолары» ЖШС секілді ірі радиоторап мекемесінің қолға алуы дәл қазіргі қоғамның сұранысын қанағаттандыра алар еді.

Жобаның мақсаты:
  • Қазақ радиосының эстрададағы маңызын арттыру;
  • Қазақ эстрадасындағы әншілердің жұмысына мониторинг жасау;
  • Мониторинг қорытындысы бойынша лигаға бөліп, рейтинг беру;
  • Эстрададағы әндерді қоғамдық сүзгіден өткізу;
  • Әншілердің жыл бойғы еңбегінің нәтижесін анықтау
Жоба барысы:
1.Арнайы критерий жасау:
  • Музыкалық білім
    • Жоғары -10 ұпай
    • Орта - 5 ұпай
  • Атақтар мен байқаулар
    • Республикалық конкурстар, БАҚ жоба, қоғамдық сыйлықтар - 1 ұпай
    • Мемлекеттік атақтар мен сыйлықтар (әншілікке байланысты), халықаралық байқаулар - 4 ұпай
    • ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (әншілікке байланысты) - 10 ұпай
  • Концерттер (соңғы үш жыл ішіндегі)
    • жанды дауыста - 10 ұпай
    • жартылай жанды дауыс - 5 ұпай
    • фонограмма - 2 ұпай
  • Хит әндер (соңғы 1 жыл ішінде)
    • екі немесе одан да көп хит - 5  ұпай
    • бір хит -  ұпай
  • Әндер саны (Радио қорына енген, соңғы бір жылдағы әндері) - әр ән үшін 1 ұпай, жоғары ұпай - 10;
  • Инстаграм аудитория
    • 100 мың-500 мың аралығы - 1  ұпай
    • 500 мың-1 млн аралығы - 2 ұпай
    • 1 млн-нан көп - 3 ұпай
2. Арнайы критерийлер ұпайы бойынша әншілер туралы ақпарат жинап, лигаларға бөлу
  • Жоғары лига – 35 ұпайдан жоғары
  • Бірінші лига – 25-34 ұпай арасы
  • Екінші лига – 15-24 ұпай арасы
3. Лигалар мен әншілер туралы ақпараттар мен әндерді qazradio.fm сайтына орналастырып, дауыс беруді ұйымдастыру;

4. Тікелей эфирде өтетін бағдарламада әр лиганың алғашқы бестігі айтылады;

5. Сауалнаманың әр айдағы қорытындысы бойынша үздік үштікке ілінген әншілермен жыл соңында гала-концерт ұйымдастыру;

8. Алғашқы үш лиганың үздік бестігіне кірген әндерді "Алтын дискке" енгізу, екінші бестікке енген әншілердің әндерін"Күміс дискке" енгізу;

9.Әндерге дауыс беру үшін qazradio.fm сайтының чарт бөліміне кіріп, үш лига бойынша дауыс бере аласыздар. 

10. Дауыс беру 25.01.2018 күні басталады.

Ескерту! Жоба барысында Қазақ радиосы тарапынан өзгертулер мен түзетулер енгізілуі мүмкін.