Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бас қаланың басты радиосы - 19 жаста!

Бас қаланың басты радиосы - 19 жаста!
«Қазақ радиолары» серіктестігінің құрамындағы – «Астана» радиосы 19 жасқа толғанын тойлап жатыр. Оның себебі радио  1999 жылы 19 қаңтарда алғаш рет эфирге шыққан болатын. 

Бүгінгі таңда «Астана» радиосы 101,4 FM желісінде Елорда маңына ғана тарағанына қарамастан, Қазақстанға толық тарайтын радиостанциялар рейтінгінде алдыңғы орындарда.

Радио жаңа форматпен жұмыс жасап, жастар аудиториясына көбірек көңіл бөліп отыр. Елордамызға қатысты барлық ақпаратты да осы радиодан ести аласыздар. Бұл бағытта «Елорда-ақпаратпен», «Қалалық шешімдер бюросымен» жұмыстар жолға қойылған.

Сонымен қатар радио мемлекеттік жастар саясатын негізге ала отырып, әлеуметтік-экономикалық саясатты ақпараттық насихаттау барысында көптеген жұмыстар жасауда. Аптасына 17 хабар және 11 интерактивті көңілашар шоу бағдарламалар эфирден өтеді.

«Астана» радиосының журналистері бірнеше рет жаңалықтар топтамасы үшін «Алтын Жұлдыз» сыйлығын, «Үздік радио» аталымын, «Шабыт» Халықаралық байқауының екі Бас жүлдесін және Президент Кубогын жеңіп алды. Радиоарна үшін ең үлкен жетістік радиоұжымның жекелеген жобалары 2 мәрте ҚР Президентінің Алғысымен марапатталды. Сондай-ақ, 2017 жылы журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» байқауында «Үздік аймақтық радиостанция» номинациясын жеңіп алды.

«Астана» радиосы –101.4 FM. Бас қаланың басты радиосы!!!