Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Берік Жүсіп: Ұлттық құндылықтардан ажырап бара жатырмыз

Берік Жүсіп: Ұлттық құндылықтардан ажырап бара жатырмыз
Дәстүрді қайта қалыптастыруымыз қажет. Оның бастауы балабақшада екенін дәстүрлі әнші Берік Жүсіп Қазақ радиосындағы «БІЗДІҢ МЕЙМАН» бағдарламасында  бөлісті. 

«Жоқ деуге болмайды. Өйткені, жоқтың түбі жоқ. Бар деп асынып-тасынайтындай біздің ақуалымыз жоқ. Бүгінгі біздің дәстүрлі өнердің жай-жапсарын айтқанда, баяғы апаларымыздың сөздері бар ғой, «Несін жағдайды сұрайсың, айтсам сен жылайдың» деп, оның ол-жақ бұ жағында. Ал, енді дәстүрлі өнерді Университеттерден кафедра ашып, дамытпасақ. Бұл бір ұтымды жолы. Біз бәрібір дәстүрдің дәнінен ажырап бара жатырмыз. Тамырдан ажырап бара жатырмыз.

Қазір елден келген өнерпаздардың өзі, консерваторияға келіп оқуға түсетін болса, олардың дайындығы жоқ. Өйткені, ұстаз көрмеген. Ұлы ақсақалдарды көрмеген. Шежірешілерді көрмеген. Әнші – жыршы, табиғи орындаушыларды көрмеген. Біз дәстүрді қайта қалыптастыруымыз қажет. Біз осының шешу жолдарын қарастыруымыз қажет. Біз бұл өнерді балабақшадан бастауымыз қажет. Дәстүрлі әуезді, әуенді, дәстүрге қатысты барлық дүниелерді бөбекжайдан бастап, бүлдіршіндердің санасына құймай болмайды», - дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Берік Жүсіп.