Қуандық Рахым - Қоштасу бұйырмай қалса екен

Қуандық Рахым - Қоштасу бұйырмай қалса екен
1.Жүректің зор еді дəмесі,
Сағынған жоқпын тек демеші...
Қоштаса алатын адамдар,
Қауыша алмайды неге осы? 

Қайырмасы:
Адамым өзіңсің бар сенген,
Тек сенің бағыңды аңсар ем...
Кездесу бұйырған тағдырға,
Қоштасу бұйырмай қалса екен..
Кездесу бұйырған тағдырға, 
Қоштасу бұйырмай қалса екен..

2.Мұңайып қалайын ақырғы,
Қуантып өмірді, тағдырды. 
Кездесіп қалайық кездейсоқ 
Көздерім көзіңді сағынды. 

3.Шын сүйе білгеннің несі мін, 
Мендегі тамшы жас кешірім.
Аңсатқан, күттірген асыл жан,
Сағыныш болсыншы есімің.