Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бибігүл Төлегенова мен Асанәлі Әшімовке тұңғыш президент стипендиясы берілді

Бибігүл Төлегенова мен Асанәлі Әшімовке тұңғыш президент стипендиясы берілді
Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2017 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларын табыс етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Стипендиялар жыл сайын мемлекеттік қолдау көрсету мақсатымен Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларын иеленген шығармашыл тұлғалар мен мәдениет қайраткерлеріне, сондай-ақ, дарынды шығармашыл жастарға еліміздің мәдениетін қалыптастыруға, сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін берiледi.

Мемлекеттік стипендия әдебиет пен өнер саласының 75 қайраткеріне берілді. Стипендияға Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Досанов, Бибігүл Төлегенова сияқты мэтрлар және тағы басқа тұлғалар ие болды.

Сондай-ақ Медет Шотабаев, Ирина Тен, Жамбыл Дүйсенов, Әділ Ахметов және басқа да жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Рәсімді ашқан Гүлшара Әбдіқалықова жиынға қатысушыларды шын жүректен құттықтап, мемлекеттік стипендия олардың Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесінің бағалануының көрінісі екенін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президентінің: «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс», – деген сөзіне рәсімге қатысушылар назарын аударды.

Бұдан бөлек, Гүлшара Әбдіқалықова тәуелсіз Қазақстанның символы, оның басты жетістігі саналатын Астананың 20 жылдығы осы жылдың негізгі оқиғасы екенін айтты. Астана – Президент идеясының іске асуы және бүкіл Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесі.

Мемлекеттік хатшы Елбасының халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында алға қойылған міндеттердің іске асырылуына және еліміздің мәдениеті мен өнерінің одан әрі дамуына Қазақстанның шығармашыл зиялы қауым өкілдері алдағы уақытта да елеулі үлес қосады деген сенімін білдірді.