Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Еріктілер аязды күні елордалықтарға 4000 кесе шай ұсынды

Еріктілер аязды күні елордалықтарға 4000 кесе шай ұсынды
Елордалық жастар апта бойы аязды күні тұрғындарға жылу сыйлайды. Игі бастаманы «Астана жастары» коммуналдық мекемесі жүзеге асырды. Еріктілер аялдамаларда қала халқына ыстық шай ұсынып, жұмысына дейін жеткізіп тастауға көмектесті.  Бұл туралы Қазақ радиосындағы «Жан жылуы» бағдарламасында айтылды. 

«Басында тұрғындар түсінбеді. Осы көмекті айтып түсіндірген кезде, егде кісілер көздеріне жас алды. Әркім өзінен бастауы керек. Қолынан келетін дүниеден бастау қажет. Ол үшін ауқымды дүние қажет емес. Көп қаржыны күтіп, көмектесетін сәтті тосудың қажеті жоқ. Осыдан басталады, мейірімділік деген. Бізден кейін басқа аймақтар жалғап кетті. Мен қуанамын. Павлодар қаласының жастары да осы бастаманы қолдады. Аймақтардың бұл жақсылығы  елордалықтардың ісін жалғады», - дейді Мұхамеджан Болысбек.

Белсенділер ауысым бойынша 15 адамнан жұмыс істеді. Айта кетейік, еріктілер құрамында колледжбен университеттердің студенттері және орталықтың белсенділері бар. Болашақта, «Астана - жақсылық қаласы» жобасы аясында қайырымдылық шаралары жалғаса бермек.