Ғазизхан Шекербеков – Сүй жан сәулем

Ғазизхан Шекербеков – Сүй жан сәулем
Сүй жан сəулем тағыда сүй тағыда,
Жылы тəтті у тарады қаныма.
Бұл ляззаттың бір минутын бермеймін,
Патша тағы бүгін дүние малына.

Құшақтатып нəзік талдай беліңнен,
Сүйгіз сəулем балдай тəтті тіліңнен.
Бой шымырлап талықсиды жүрегім,
Балқып денем бара беріп деміңнен

Кір қойныма қыпша белің бұралып,
Тарқатып шашың жатсың жібек оралып.
Жаным жаным тезірек тисін төске төс күн жұмылып ыстық демалып

Қайырмасы:
Сүй жан сəулем,сүй тағыда,
Жылы тəтті болғанымды 
Сүй жан сəулем,сүй тағыда,
Қалағансын мен мұны да
Жанарыңды жұмып алып жайғана
Күйіп пісіп сүйіп құшып аймала

Сенен мені қызғанғандай қызарып,
Айдың нұры түсіп тұрсын айнаға.
Балқып шалқып құшағыңды ашқанда,
Сенің жұпар иісіңе мас болғам.
Менен сені қызғанғандай жарқ жұлдыздарда,
Ағып түсті аспаннан.
Ай қызарып жұлдыздарда құлады.
Ғашықтардың тарқағанба құмары,
Екеумізді көру үшін ұялмай.
Ұясынан күнде ерте шығады

Қайырмасы:
Сүй жан сəулем,сүй тағыда
Жылы тəтті болғанымды 
Сүй жан сəулем,сүй тағыда
Қалағансын мен мұны да
Жанарыңды жұмып алып жайғана