Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көрме ашылды

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көрме ашылды
Қола мен мәрмәрдан жасалған мүсіндер  Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне келушілердің назарына ұсынылды. Шараға «Қарым-қатынас және сезімдер» деп айдар тағылған. Көрмеге осындай атау берілуінің де өзіндік себебі бар. Өйткені, жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.
««Мейірім» әлеуметтік жобасы біздің музейде осымен екінші жыл жүзеге асырылып жатыр. Осы бастама бойынша мәдени білім беру, арт-терапия, музей сабақтары және көрме сынды түрлі бағыттағы бірнеше шара өткізуді қолға алдық. Бүгінгі көрмеге тек мүсіндерді қойдық. Яғни, тірек – қимыл жүйесі істен шыққан азаматтар көрмені тамашалай алады. Келушілерге толығымен жағдай жасалған. Құлағы естімейтін азаматтар үшін сурдоаудармашымыз бар, ал, көзі көрмейтіндер үшін жәдігерлер туралы ақпаратбрайль әріптерімен жазылған», - дейді мәдени білім беру секторының жетекшісі Роза Мұхамеджанова.
Мұнда Юрий Буштрук, Сергей Санакоев, Еркінбек Есімов сынды Қазақстан мен ТМД-ның белгілі мүсіншілерінің туындылары қойылған. Жұмыстардың саны аз болғанымен, келушілердің көңілінен шықты. Себебі, олар мүсінді қолдарымен ұстап көрді. Көрмені ақпан айының соңына дейін тамашалауға болады. Айта кетейік, болашақта ең ерекше жәдігерлердің көшірмесі жасалынып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы зал ашылады деп күтілуде.