Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ермұхамед Мәулен: Қазақ тілінде сөйлейтін спортшылар аз

Ермұхамед Мәулен: Қазақ тілінде сөйлейтін спортшылар аз
Әлем бойынша  радиохабарлардың 7 %-ы ғана спортшыларға арналады екен. Спорт бағдарламаларының шығарылымы неге аз? Себептері қандай?  Бұл жөнінде  елімізге танымал спорт комментаторы  Ермұхамед Мәулен пікірін білген болатынбыз.
«Қазақстанда емін-еркін қазақ тілінде сөйлей алатын спортшылар өте аз. Спортшылар көп. Бірақ қазақ тілін жетік білетіндер жоқтың қасы. Әсіресе, футболшы, баскетболшы, хоккейшілер арасында мүлдем жоқ. Елімізде спорт мәдениеті өте төмен. Менің ойымша, Түркияда спорттық радиохабарлар жақсы тарайды. Кең насихатқа ие. Таксилерде тыңдайды. Мен өзім 2014 жылы Бразилияда болдым. Сонда, радио комментаторлармен жолықтым. Олар сол тек радиода қызмет етеді. Дегенмен, мен теле немесе радио комментатордың айырмашылығы жер мен көктей деп айта аламын. Радио жүргізу шамалы қиындау. Мен өткен жылы Қазақ радиосында спорттық шараны жүргіздім. Өзімнің жеке тәжірбиеме қарап, айтарым телевидениеде видеоға қарап отырып, сол кездегі әрекетке азды-кем ақпарат беріп отырасың. Ал, радиода видео жоқ екенін түсінесің де, көріністі сипаттауға, суреттеуге, сөздік қорыңның барлығын пайдалануға тура келеді», - дейді спорт комментаторы.
Журналист осыдан біраз уақыт бұрын спортты насихаттайтын радио ашу идеясын ұсынған екен. Комментатордың әзірге бұл ұсынысы өз күшінде. Болашақта мүмкіндіктер болса, бастаманы жүзеге асыруға барын салмақ.

Айта кетейік, елімізде тіркелген жеңіл көліктер саны 6 млн-ға жуықтайды. Яғни, бұл әрбір үшінші адам көлікпен жүреді деген сөз. Бұл дегенің халықтың радио тыңдауға мүмкіндігінің жоғары екендігін білдіреді.