Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ғалымдар электронды тері жасап шығарды

Ғалымдар электронды тері жасап шығарды
Колорадо университетінің зерттеушілері өңделген электрондық теріні жасап шығарды. Технология 2011 жылы патенттелген. Бұл туралы Science Advances журналында айтылған.

Технология адам терісінің функциялары мен механикалық қасиеттерін имитациялады. Электрондық тері полимерлі және күміс нано бөлшектерден жасалған.

Болашақта ғалымдар бұл жобаны робототехникада пайдалануды жоспарлап отыр. Зерттеушілер электрондық тері адамдар мен роботтар арасындағы қауіпсіз қарым-қатынасқа ықпал ететінін айтады.

«Бұл өте маңызды инновация. Адамдар роботтармен қарым-қатынас жасағанда, біз оларға бұл технологияның көмектесетініне сенімдіміз. Мысалы, бала ауырғанда, робот электр тері линкасына саусақтарын тигізіп, баланың температурасын анықтай алады»,- дейді зерттеушілер.

Айта кетерлігі, электрондық теріні этил спиртімен тазартып, жаңа операцияға қайтадан пайдалануға болады.