Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мен сені күтемін!

Мен сені күтемін!
Әр адамның басынан өткеріп жатқан тағдыры сан қилы. Өмірдің өзінен сабақ ала отырып, әр пенденің қателігін қайталамас үшін, жамандықтан жиреніп, жақсылықтан үйрену үшін өмірден алынып, шынайы жазылатын «Өмірдің өзі новелла» атты әдеби-көркем бағдарламаға аурухана төсегіне таңылған жарына жүрек сөзін арнаған бір азаматтың жан сыры әңгіме арқауы болады.

«Жансая, ес-түссіз аурухананың жансақтау бөлімінде жатқаныңа бүгін тұп-тура 13 күн болды. Кешегі қара шашым аппақ қудай болып кеткен тәрізді. Балаларымыз сені сағынып, күнде жылайды. Мен ер азаматпын, бәріне төзіп, сенің есіңді жиып, бізге қайта оралар жолыңды күтемін, сенің тілеуіңді тілеп, қасыңда сағаттап отыруға бармын. Бір Алладан ғана медет тіледім, жаным! Жансая, мен саған кездескенде ғана жастайымнан көрген жетімдіктің азабын ұмытып, мейрім мен шуаққа бөленген едім ғой. Сен жан дүниемнің айнасы, шаңырағымның шалқыған шаттығы болдың. Бізді тастамашы!» деп басталатын әсерлі хатта жарын құлай сүйген азаматтың жан сыры, шер-мұңы жазылған.