Қазақ радиосында - «Қасқырдың ақылы» ертегісі
Қазақ радиосы әр күн сайын кешкі 20:40 та балаларға арнап "Ертегі" ұсынады. Біз әр ертегі арқылы ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Олар баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.
Халық ауыз әдебиетінің бір түрі - осы ертегілер тыңдаушыларды, әсіресе балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеп, олардың таным-түсінігінің артуына ықпалын тигізеді. Қазақ радиосының мұрағатындағы бұл хабарлар ұрпақ үшін қашанда бағалы байлық.
Бүгін 20:40 "Қасқырдың ақылы" ертегісі беріледі.