Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақ радиосында- ертегілер

Қазақ радиосында- ертегілер
Халық ауыз әдебиетінің бір түрі саналатын ертегілер тыңдаушыларды, әсіресе балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеп, олардың таным-түсінігінің артуына ықпалын тигізеді. Қазақ радиосынның мұрағатындағы бұл хабарлар - қашанда ұрпақтың бағалы байлығы.

Қазақ радиосында ертегілер 1950 жылдардан бастап, «Ерден атаның ертегілері», «Зәмзәгүл әженің ертегілері», «Кешкі ертегілер» деген атпен үзіліссіз беріліп келеді. 2006-2007, 2012-2013-жылдары Шолпан Байғабылова, Сауық Жақанова, Айдос Бектеміров сынды дикторлардың оқуында ертегілер толықтырылып, жаңартылып берілді. 2015-2016 жылдар аралығында ертегілер уақытша тоқтатылып, 2017-жылдың 22-желтоқсанынан бастап кешкі 20:40 та Қазақ радиосынан қайта беріле бастады.

Ұлттың төл радиосынан берілетін ертегілер жанрларына қарай, жануарлар туралы, қиял-ғажайып және сыншыл ертегілерге бөлінсе, Бұл ғажайып туындыларды қазақтың белгілі дикторлары Әнуарбек Байжанбаев, Зәмзәгүл Шәріпова, Қасым Жәкібаев, Таңат Жайлыбаев, Сауық Жақанова, Ақыл Құланбаев, Зухра Искакова, Сәбит Оразбаев, Бибиза Құланбаева, Мәкіл Құланбаев, Әбдірахман Әсімжанов, Шолпан Байғабылова және Айдос бектеміровтер оқыды.

Бүгінде аптаның барлық күнінде сағат 20:40-та Қазақ радиосы балаларға арнап қызықты ертегілер ұсынады. Ертегі балаларды мейрімділікке, тапқырлыққа, адалдыққа тәрбиелейді. Ендеше Қазақ радиосы әр шаңырақта қосулы болсын!