Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Роза Рымбаева - Өмір өзен

Роза Рымбаева  - Өмір өзен
Көңілім бар мəңгі жас уақытқа бағынбаған,
Жүрегім бар өнер деп қашанда жалындаған.
Жолығып дауылды күндерге кезіксем қиын кездерге,
Сені менен ешқашан жоғалмаған.
Үш ұлым бар адаспай жол тауып келем,
Күресіпте көзіммен өзімді жеңіп келем.
Күтемін күн шуақ көктемде,
Оранған көк орай бөктерді,
Күтемін асығып толы кештерді.


Қайырмасы:
Өмір өзені талмай ағады
Қош айтысып қол бұлғап өткен күндерге
Жаңа таңды қарсы алам
Өмір өзені талмай ағады
Əрбір батқан бұлт жаңбырлы түннен кейін
Күлімдеген жаңа күн шығады.

Жақсыны тек сүйсініп көруге құмар жаным
Жүректермен арманшыл егізбін сыңар əнім
Өмірдің қысымен жаздарын
Көктемі мен күзін жырладым
Жырладым өмірдің сөнбес шырағын


Қайырмасы:
Өмір өзені талмай ағады
Қош айтысып қол бұлғап өткен күндерге
Жаңа таңды қарсы алам
Өмір өзені талмай ағады
Əрбір батқан бұлт жаңбырлы түннен кейін
Күлімдеген жаңа күн шығады.