Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Өмірқұл Айниязов 40-қа келгенде жарына арнап ән жазды

Өмірқұл Айниязов 40-қа келгенде жарына арнап ән жазды
Қамал алатын шақта әнші Өмірқұл Айниязов «Арман-ай» деп ән салмақ. Жуырда тұсауы кесілетін туындыны өнерпаз жарына арнапты.

Бұл туралы термеші, жыршы Өмірқұл Айниязов Қазақ радиосындағы «Қайырлы таң, қазақ елі!» бағдарламасында айтты.

«Сары майдай сақтап жүрген тағы бір әніміз бар. Туынды ешбір радиоға, сайтқа таратылмады. Себебі, оған клип түсірілді. Мұзарап Ануарбеков деген досымның әні, сөзін Асхат Қылышбеков жазды. «Арман-ай» деп айдар тақтық. Бұл өлең үйдегі жарыма арналып жазылды. Көптеген сұхбаттарда: «Келіншегіңізге ән арнадыңыз ба?»,- деп сұрап жатады. Қартайдық па, әлде жеңгеңе мойынсынғандық па? Әйтеуір, біз «Арман-ай» деп ән салдық. Клип түсірілімі бітті, жуырда көрерменге жол тартады»,- дейді әнші Өмірқұл Айниязов.