Мыңғатов Ахмар Құжанұлына жақындары іздеу салады

Мыңғатов Ахмар Құжанұлына жақындары іздеу салады
Іздеу саламыз! 

Шығыс Қазақстан Облысы Күршім ауданы Қалғұтты ауылдық округіне қарасты Ақши ауылының тумасы — Мыңғатов Ахмар Құжанұлына іздеу саламыз. Ол 2015 жылы Астанаға жұмыс істеуге кеткен. 2017 жылдың желтоқсанында Қарағанды облысы Нұра ауданынан қоңырау шалған, содан кейін із - түзсіз жоғалып кеткен.

Мыңғатов Ахмар Құжанұлын көрген немесе танитын адамдар болса, хабарласыңыздар.

Студия нөмірі ☎ +7(7172)75-72-75, қсымша ақпарат алу үшін: ☎ 87075355383 нөміріне қоңырау шалуға болады. 

Айта кетерлігі, "Бармысың, бауырым?" бағдарламасы əр сəрсенбі 11:15- те Қазақ радиосының тікелей эфирінде өтеді.

Əр шаңырақта Қазақ радиосы қосулы болсын! Жақыныңыз жаныңыздан табылсын!