Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Айбар Үсенов: «Бұл жай ғана ойыншық емес, нағыз оқытатын модуль»

Айбар Үсенов: «Бұл жай ғана ойыншық емес, нағыз оқытатын модуль»
Айбар Үсенов Назарбаев университеті «экономика» факультетінің 2 курс студенті. Ол Robo Wunderkind модулін қолданатын әлемдегі ең алғашқы Robo Cube мектебін ашқан жас кәсіпкер. Бұл мектептің ерекшелігі, қолдануға оңай және балалар арасында үлкен қызығушылық тудыратын Robo Wunderkind блоктары арқылы балаларға роботтар құрастыруды үйретуінде.

Жалпы, Robo Wunderkind мектебін Астанада ашу идеясы қалай келді? Бұл жайлы Қазақ радиосының «Табыс кілті» бағдарламасына берген сұхбатында кәсіпкер былай дейді:
«Robo Wunderkind деп аталатын компания Австралиялық компания бар және ол Robo Wunderkind модулін шығарумен айналысады, бірақ білім саласында франшиза ретінде әлі қалыптаспаған. 2016 жылы мен Назарбаев университетіне келген кезде компанияның құрылтайшысымен кездесіп, осы идеяны айтқан болатынмын, сіздердің роботтарыңызды білім саласында қолдансақ қалай деп. Сол кезде олар келісіп, осы бағдарламаны іске қосқан. Жалпы, Robo Wunderkind модулі кез келген адамды бағдарламалау негіздеріне үйрету мақсатында құрастырылған, бұл жай ғана ойыншық емес, нағыз оқытатын модуль, IT-технологиясы саласында ойлау қабілетін дамытады».