Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ертең қасиетті Рамазан айы басталмақ

Ертең қасиетті Рамазан айы басталмақ
ҚР Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қасиетті Оразаның не себепті 17 мамырда басталатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бас мүфтидің айтуынша, 16 мамырда  кешке ниет етіліп, тарауық намаздары оқылады. Ал Рамазан айы 17 мамырда басталады.
«Рамазан айының басталуын нақты айта алу үшін бірінші - шариғаттың талабы, екінші - ілім керек. Бұл күн қазіргі заманауи астрофизикалық және басқа да  астрономиялық ғылыми негіздерге сүйене отырып бекітіледі. Осы негізде біз 2018 жылғы Рамазан айының алғашқы күні 17 мамыр болып бекітілгенін жариялаған болатынбыз. Өйткені Пайғамбарымыздың  хадисінде «Жаңа туған айды көрген кезде ораза ұстаңдар, екінші жаңа туған айды көрген кезде оразаларыңды тоқтатыңдар. Егер аспан бұлтты болса, Шағбан айын отызға толтырыңдар» деп айтылады. Бұл - шариғаттың талабы», - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Сондай-ақ, дінбасы биылғы пітір садақа мөлшеріне де тоқталды. Ғұламалар кеңесінің шешімімен, Рамазан айында берілетін пітір садақаның мөлшері 300 теңге көлемінде бекітілді.

14 маусым Рамазан айының соңғы күні болады, ал маусымның 11-нен 12 сіне қараған түн - Қадір түні.