Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Роналду - Испания - 3 : 3

Роналду - Испания - 3 : 3
Әлем чемпионатының 2-ші күніндегі орталық ойын Португалия мен Испания арасында өтті. Футбол әлемінің xас шеберлері жиналған бұл ойын 3:3 есебімен тең аяқталды. 2018 жылғы алтын допқа бірден - бір үміткер Криштиану Роналду дүбірлі додадағы алғашқы xет - тригіне қол жеткізді.

15 - нен 16 - на қараған түні Сочидаға "Фишт" стадионы жанкүйерлер үшін мерекеге айналды. Себебі Португалия мен Испания арасындағы ойынды топтық кезеңнің финалына балап, оны тамашалауға асыққандар көп. Ойын бастала сала көзді ашып жұмғанша португалдықтар есеп ашып үлгерді. Криштиану 4-ші минутта пенальтиден мүлт кетпеді. Бұл соғылған доптан кейін "Қызыл фурия" есін жиып, ойынның 24-ші минутында сұрмерген Костаның көмегімен есепті теңестірді. Бірақ, 1-ші тайм аяқталар тұста Роналдудың құйтырқысыз тепкен добына әлемнің үздік қақпашысы Давид Де Хеа қолына келген допты мардымсыз қайтарып, доптың торда тулауына себепші болды. Осылайша Криро бұл додағы Черышевтан кейін дубль авторы атанған екінші ойыншы болып бомбардирлер тізіміне енді.

2-ші таймға аш қасқырша шыққан испандықтар небәрі 3 минуттың ішінде 3:2 есебімен алға шығып үлгерді. Алдымен, 55-ші минутта Коста Бускетстің айып алаңда баспен берген пасына керек жерден табылып есепті теңестірсе, 58-ші минутта Начо қақпашы алаңының сыртынан футбол снарядін қақырата теуіп, бас бапкер Фернанды Йерроның жүзіне күлкі ұялатты. Ойынның қалған бөлігі испандықтардың тики - такаларының арқасында көрерменге әсерлі көңіл күй сыйлады. Сочиге келген жанкүйерлер испандықтардың ұтарына кәміл сенгенмен, ойынның 88-ші минутында Криштиану Роналдудың айып добынан соққан добын Де Хеа тек көзбен шығарып салды. Осылайша Роналду хет - трик авторы атанып, бомбардирлер тізімінде көш бастады. Қорытынды есеп 3:3.

Айта кетейік, Роналду өзнің 4-ші әлем чемпионатының 4-ойынында 4-ші және 44-ші минуттарында гол соғып, 4 әлем чемпионатында қатар гол соққан 4-ші ойыншы атанып отыр.