Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ағылшындықтар Тунистен жеңісті жұлып алды

Ағылшындықтар Тунистен жеңісті жұлып алды
Ағылшындықтар әлем чемпионатының алғашқы ойынында ұпай жоғалтып алудан аман қалды. Тунис құрамасына қарсы өткен ойында ағылшындықтардың сұрмергені Харри Кейн өз ұлттық құрамасын алға жетелеп, ағылшындықтардың 3 ұпай алуына өз септігін тигізді.

«Волгоград – Арена» стадионына жиналған көрермен ағылшын премьер -лигасының үздік сұрмергені Харри Кейннің тамаша ойынына тәнті болды. Төрешінің ысқырығы естіле сала алға лап берген ағылшындықтар ойынның небәрі 11-ші минутында есеп ашып үлгерді. Гол авторы Кейн. Әлем біріншілігіне тегін команда келмейтінін дәлелдегісі келген тунистіктер 1-ші таймның 35-ші минутында қарымта гол соқты. 11 метрлік айып добын Сасси сенімді орындады. Матчтың қалған бөлігін тоқтаусыз шабуылдаған ағылшындықтар керекті жеңіске ойынның 91 минутынта қол жеткізді. Гарет Саутгейттің командасын алға сүйреген команда капитаны Харри Кейн. Кейн дубль авторы атанып бомбардирлер тізімінде Роналдудан кейін екінші болып жайғасты. Қорытынды есеп 1:2.

Тунис – Англия, 1:2

Голдар: Сасси (35) - Кейн (11, 91)

Тунис: Муе Хассен (Фарук Бен-Мустаффа, 15), Дилан Бронн, Али Малул, Сиам Бен-Юссеф, Эйе Скири, Яссин Мерия, Фержани Сасси, Наим Слити (Мохамед Бен Амор, 74), Фахреддин Бен Юссеф, Вахби Хазри (Сабер Халифа, 85), Анис Бадри.

Англия: Джордан Пикфорд, Киран Триппьер, Джон Стоунз, Кайл Уокер, Гарри Магуайр, Эшли Янг, Джесси Лингард (Эрик Дайер, 93), Джордан Хендерсон, Деле Алли (Рубен Лофтус-Чик, 80), Рахим Стерлинг (Маркус Рэшфорд, 68), Харри Кейн.

Ескертулер: Уокер (33).