Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада «Азияның медиа диалогы» форумы басталды

Елордада  «Азияның медиа диалогы» форумы басталды

Шараға Азия мен Еуропаның атақты медиаменеджерлері қатысуда.

Форум шілденің 10-12-сі аралығында өтеді. Үш күнге жалғасатын жиында әлемге танымал журналистер мен телерадио басшылары өзара тәжірибе алмасады.

Форум бірнеше бағытта өтеді. Оның біріншісі – «Азия елдеріндегі Радио», «Медиа 2020». Оның екеуі – диалог алаңы. Қатысушылар Азиядағы радионың дамуын бөлек қарап жатыр. Біз панельдік сессияға қатыстық. Отырыста мамандар радионың бүгіні мен келешегін талқылады. Шетелдік мамандар аудиотория жинау, тыңдармандарға қызықты хабарлар дайындаудың қыры-сырымен бөлісті. Әсіресе радиоадағы таңғы шоу бағдарламаларды дайындау жайы сөз болды.

Форумға Бельгия, Германия, Жапония, Қытай, арабтың хабар тарату қауымдастығы, Үндістан радиосының өкілдері арнайы келді. Медиамамандар телекөрермен мен радиотыңдаушыны қызықтырудың  жаңа әдісін талқылайды. Қатысушылар телерадионың жаңа форматын қалыптастырудағы жеке тәжірибелерімен бөліседі. Және технологиялық модернизация жасау жайы сөз болмақ. Жалпы айтқанда Еуропа мен Азиядан 40 мемлекеттің өкілі бас қосады.

Ресми шаралар аяқталған соң, «ABU Radio Song Festival» деп аталатын радио фестиваль өтеді. Онда отандық және шетелдік жас әншілер өнер көрсетеді.