Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тиін мүсіні қанша тұрады?

Тиін мүсіні қанша тұрады?

Жобаны ұйымдастырушылар  Алматы орталығындағы "Атакент" көрмесінің алдында орнатылған тиін мүсінінің қанша тұратынын айтты.

Тиін мүсінінің бір миллиард теңге тұратыны жалған ақпарат болып шықты. Мүсін мемлекет пен «FUNK» компаниясының бірлескен жобасы. Мүсіннің жалпы құны 23 миллион теңге. Бұл қаржы төрт қабатты үйді, 15 тонна болатты, үш тонна ағашты, үш тонна сабанды, суретшілерге берілетін қаламақыны, жұмыскерлер еңбекақысын, логистикалық жұмыстарды қамтып отыр. Бұл жарты жылға созылған көлемді жоба. Сол себепті, 23 миллион теңгені үлкен сома деп ойламаймын", - деді FUNK әлеуметтік шешімдерінің агенттік басшысы Майра Измайлова.


"Тиін – біздің саябақтарда өмір сүретін жақын «көршіміз». Тиін адамдар сияқты үнемі қозғалыста болғандықтан, ол ортаға бейімделіп, өмір сүру үшін ізденісте жүреді. Сонымен қатар, ол жыртқыш аң емес. Тиін емен жаңғағын марапат ретінде және болашақтың символы ретінде ұстап тұр", - деп мәлімдеді суретші Алекс Ринслер.


Ескерткіш авторы өз шығармашылығында қалыптасқан дәстүр бойынша, әр жұмысын тоғыз айдан кейін бұзады. Бірақ, бұл жолы ол ойын жүзеге асыра алмайды. Себебі, суретші дәстүрі Алматының шарттарына қайшы.