Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түркиялық өнерпаздар Қазақ радиосында жанды дауыста ән шырқады

Түркиялық  өнерпаздар Қазақ радиосында жанды дауыста ән шырқады

Астанадағы Қазмедиа орталығында өтіп жатқан «Азия медиа диалогы» халықаралық форумына қатысушы Стамбул радиосы ұлт аспаптар оркестрінің өнерпаздары Қазақ радиосының «Ән салLike» бағдарламасына келіп, жанды дауыста қазақ әнін шырқады.

Қонақтар Ут, Канон, Ней сынды ұлттық аспаптарында классикалық, дәстүрлі, танго және қазақ тілінде «Жұлдызым» әнін орындады. Айтуларынша, Youtube желісінен қазақ әндерін іздегенде бұл ән жандарына жақын және түрік ұлт аспаптарымен сүйемелдеуге ыңғайлы болған.

 «Түркия үні» радиосының жұмыс тәртібі Қазақ радиосымен өте ұқсас. Мәселен, олар да біз сияқты ән сөзіне мән береді. Туынды эфирге дейін міндетті түрде көркемдік кеңес тезінен өтеді. Жеңіл әндерге эфирден орын жоқ.

 Рухани, мәдени, тілдік және тарихи тамырластықтың ақпараттық кеңістікте жалғасын табуына «Қазақ радиолары» ЖШС мен «Түркия үні» радиосы арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде қол жеткізілді.