Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әлем чемпионатында FIFA қанша табыс тапты?

Әлем чемпионатында FIFA қанша табыс тапты?

Ресейде өткен әлем чемпионатының барлық матчтарында билеттің 98% сатылды.

«Ресей - 2018» ұйымдастырушылық комитетінің Бас директоры Алексей Сорокин әлем чемпионатының қорытынды есебін берді.

«Бұл чемпионат рекордтарға толы болды. Әлем чемпионатындағы билеттің 98% сатылды, яғни 3 миллион. Бір қызығы, Ресейдің әуежайлары 15 млн жанкүйерді қарсы алды. Тегін пойыздарды 300 мың адам қолданды. Ойын тамашалауға қызыққандардың қатары көп болғаны соншалық, «Спартак» стадионының жанынан қосымша жанкүйерлер аймағын ашуға тура келді»,- деді Алексей Сорокин.

Ұйымдастырушының есебі бойынша бұл чемпионаттан FIFA өзіне рекорд саналатын 6,1 млрд доллар пайда көрген. Оған қоса, ресейлік ұйымдастырушылар чемпионатты ұйымдастыруға кеткен негізгі шығын - 14 млрд долларды өтеді.

Мысалы, 2014 жылы Бразилияда өткен мундиальда FIFA-ның табысы 4,8 млрд долларды құрады.

Әлем чемпионатының шымылдығы Ресей елінде 14 маусым күні түрілді. Ол 11 қаланың 12 стадионында өтті. Финалдық ойын Франция мен Хорватия құрамалары арасында өтіп, француздар 4:2 есебімен басым түсті. Француздар өз тарихында 20 жылдан кейін екінші рет әлем чемпионы атағын иеленді.