Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды
Футболдан Грузия құрамасы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алды. Грузиялық құрама Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы финалында Грекияны пенальтиден жеңіп кетті.
Енді грузиялық футболшылар құрлықтық додада Португалия, Түркия және Чехиямен кездеседі.
Кездесу барысында Грузия мен Грекия құрамалары ойынның негізгі кезеңі мен овертаймда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл жолы грузиялық футболшылар қарсыласын 4:2 есебімен сүріндірді.
Осылайша Грузия өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алды.
Фото: championat.com