Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда қатты қалдықтарды қайта өңдейтін 37 зауыт салынады

Қазақстанда қатты қалдықтарды қайта өңдейтін 37 зауыт салынады

Жаңадан салынатын қалдықтарды өңдеу зауыттары туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев айтып берді.

«Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға және жаңғыртуға 200 млрд теңге бөлінеді. Бүгінде 94 жоба пулы таңдалды, оның 37-сі жаңа зауыттар. Елімізде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мәселесі өткір тұр. Қазір біз жоғарыда аталған жобалар пулын жергілікті атқарушы органдармен келісеміз. Өйткені жергілікті орган өңірде қанша қалдық шығарылатынын біледі. Кейбір өңірлерде біреу, кейбіріне 2-3 зауыт салу қажет», -
деді Жомарт Әлиев қайталама шикізатты қайта өңдеу мәселелеріне арналған конференцияда.

Оның айтуынша, жаңа зауыттарда әйнек, пластиктер, металдар, электр құрылғылары және тағы басқа қатты тұрмыстық қалдықтар қайта өңделеді.


Жаңа зауыттарды салуға берілетін займ шарттары:

- пайыздық мөлшерлеме-жылдық 3%;

- несиелеу мерзімі - 3 жылдан 15 жылға дейін;

- жобаға қатысушыларға зауытты салу немесе жаңғырту уақытына кредиттік демалыс беріледі;

- қажетті соманың 20% жобаға қатысушысы инвестициялайды.


Дереккөз: inform.kz