Көшпенділер ойынына 75 ел қатысатынын ресми растады
Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қалай жүріп жатқанын баяндады.
«Елордада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 100-ден астам елден жалпы саны 3000-ға жуық адамнан тұратын делегациялар қатысады деп күтіліп отыр. Бүгінгі таңда 75 ел қатысатынын ресми растады», - деді ол.
Министрдің айтуына қарағанда, ойында бағдарламасына 20 жарыстық және 10 көрнекі спорт түрі кірген, 110 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Фото: kaz.people.cn