Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласында 8 метрге жуықтады

Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласында 8 метрге жуықтады

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілді. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 19 сәуір күні сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Оралда Жайық деңгейі 794 сантиметрге жетті, яғни 8 метрге (қауіпті шегі 850 см) жуықтады.

Өзен деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев гидробекетінде бірден 28 сантиметрге жоғарылап, 884 сантиметрді (мұндағы қауіпті шегі 1 250 см) көрсетті. Жайық өзені сондай-ақ Көшім (+2, 788 см) мен Тайпақ ауылы (+9, 495 см) тұсында да көтерілуде.

Сонымен қатар Көшім каналында су деңгейі 823 сантиметрге жетті (+2, қауіпті шегі — 800). Орал қаласы мен Жайық өзені бойында орналасқан 84 елді мекенге төнген қауіп әлі сейілген жоқ.


Дереккөз: inform.kz