Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Су тасқыны: Республика бойынша 31 мыңнан астам адам үйіне оралды

Су тасқыны: Республика бойынша 31 мыңнан астам адам үйіне оралды

Жайық өзені су деңгейінің біртіндеп төмендеп келе жатқаны байқалады. Бұл туралы ТЖМ өкілі Асқар Шәріп айтты.


«Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. Батыс Қазақстан облысында, Орал қаласында Жайық өзенінің су деңгейі біртіндеп төмендеп жатқаны байқалады, су деңгейіне мониторинг жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аралау жұмысы әлі де жалғасады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.


«5 677 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 11,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,5 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. Жедел желі телефонына 2 205 қоңырау түсті. Апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам адам, 4 мың техника, 773 су сору құралы, 294 жүзу құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылды», - деді Асқар Шәріп.



Фото: kaz.inform.kz