Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Болашаққа» ауылдық квотамен қатысатындарға ағылшын тілін білу талаптары жеңілдейді

«Болашаққа» ауылдық квотамен қатысатындарға ағылшын тілін білу талаптары жеңілдейді

«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру тәртібіне өзгерістер енгізетін бұйрық жобасы талқылауға шығарылды.

«Ағылшын тілін білу деңгейімен: IELTS: 9.0-ден 5.5; TOEFL: IBT 120-дан 46-дан 59-ға дейін, PBT/ITP 677-ден 417 - ден 497 - ге дейін; DET 160 - тан 95 - тен 104-ке дейін; IELTS Indicator 5.5 ресми жарамды сертификатты, сондай-ақ тілдік курстардан өту ұйымдастырылатын шетелдік жоғары оқу орнына академиялық оқуға сөзсіз шақыру туралы хат ұсынған инженерлік-техникалық, медицина қызметкерлері, ауылдық елді мекендерден үміткерлер ағылшын тілін білудің екінші шекті деңгейіне сәйкес келеді», - делінген бұйрық жобасында.

Қарапайым тілмен айтсақ, «инженерлік-техникалық мамандықтар мен медицина қызметкерлері, ауылдық елді мекендерден қатысатын үміткерлерге ағылшын тілін білу талабының деңгейі жеңілдетілмек.

«Болашақ» бағдарламасының 100-ден астам шетелдік жоғары оқу орны ағылшын тілін білетін «Болашақ» стипендиаттарының тілдік курстарына біздің нормаларымызда белгіленген IELTS 5.5-тен төмен ұпай қабылдауға дайын екенін білдірді.

Осыған байланысты «инженерлік-техникалық, медицина қызметкерлері, ауылдық елді мекендерден үміткерлер» санаты үшін ағылшын тілін білу деңгейіне сәйкес: IELTS: 9.0-ден 5.5; TOEFL: IBT 120-дан 46-дан 59-ға дейін, PBT/ITP 677-ден 417-ден 497-ге дейін; DET 160-тан 95 - тен 104-ке дейін; IELTS Indicator 5.5, шетелдік жоғары оқу орнынан академиялық оқуға сөзсіз шақыру туралы хат берілген жағдайда, шетелде тілдік курстардан өтуге мүмкіндік беру ұсынылады.

Бұл түзету азаматтардың квоталық санатына ғана қолданылады.

Ұсынылған өзгеріс шетелдік университеттен академиялық оқуға сөзсіз шақыру берген, бірақ екінші шекті деңгейге сәйкес келмейтін стипендиаттардың шетелде тілдік курстардан өтуіне мүмкіндік береді.

Шетелдік университет жанындағы тілдік курстардан өту стипендиаттардың академиялық оқуға қабылдануына кепілдік береді», - деп жазылған құжатта.


Дереккөз: inform.kz