Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Qarmet» компаниясы болаттың жаңа түрін шығарады

«Qarmet» компаниясы болаттың жаңа түрін шығарады

Қарағандыдағы Qarmet компаниясы болаттың жаңа түрін шығарып, брендке айналдырмақшы. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мәжілістегі Үкімет сағатында осылай деді.

Жалпы жаңа инвестор кәсіпорынның жұмысын толық өзгертеді. Бүгінде өндіріс орынында 30 мыңнан астам адам еңбек етеді. Сондықтан әуелі кеншілердің айлығы өсірілді. Қазіргі уақытта домна пештері тек көмірмен жұмыс істейді. Келер жылы оны газға ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл экологиялық мәселелердің біразын шешеді. Жалпы бұл кәсіпорын барлық жоспарын үкіметке таныстырып, бекітіп отырады.

«Инвестордың құйған 33,5 млрд теңгесі жұмыс сапасы мен өндіріс көлемін арттыруға бағытталады деді», - Қанат Шарлапаев.


Фото: inbusiness.kz