Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Президент Сингапур Парламентінің спикерін қабылдады

Президент Сингапур Парламентінің спикерін қабылдады

Қазақстанда 140 сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пенмен кездесуінде белгілі болды.

«Біз – уақыт сынынан өткен сенімді серіктеспіз. Өзара байланыстарды нығайту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Дегенмен алдымызға екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған биік мақсат қойып отырмыз»,
– деді Президент.