Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстаннан жылда 16 млрд доллар заңсыз шығарылады - сенатор

Қазақстаннан жылда 16 млрд доллар заңсыз шығарылады - сенатор

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Капиталды заңсыз әкетудің алдын алу мақсатында валюталық реттеуді жүзеге асыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді.

«Қазақстаннан жыл сайын шамамен 16,7 млрд доллар заңсыз шығарылады. 148 елдің рейтингінде біздің еліміз 11-ші орында тұр. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты бар екенін бәріміз білеміз. Қазақстан көмірсутегі мен металдардың экспортына өте тәуелді болып отыр. Яғни, біздің экспортымыздың негізі – жер қойнауынан алынған қазбалар, ол түпкілікті өнім емес. Тиісінше, пайдалы қазбаларды экспорттау есебінен тікелей немесе жанама түрде алынған капиталды шетелге заңсыз шығару деректері қоғамға өте ауыр тиеді және мұқият бақылауда болады. Осылайша, бұл проблема экономика аясынан шығып, әлеуметтік және саяси сипатқа ие болады», - деді Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов.

Сенатор Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шетелге заңсыз қаржы шығару проблемасына ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін арнайы мекемеаралық комиссия құрылған болатын. Сонымен қатар, тиісті заңнамалық өзгерістер қабылданды, оның ішінде валюталық реттеу жөнінде де өзгерістер бар.


Дереккөз: inform.kz

Фото: parlam.kz