Құлсарыда дезинфекциялау жұмыстары басталды
Атырау облысы Құлсары қаласында тасқын су салдарымен күрес жұмыстары жалғасып жатыр.
«Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 20 үйден су сору жұмыстарын жалғастырылуда. Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Дереккөз: inform.kz