Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Денис Тен

Денис Тен

        Денис Юрьевич Тен (Алматы, маусымның 13, 1993 жыл) - қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи  олимпиадасының қола жүлдегері, 255,10 ұпаймен қола медальға ие болды. Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері , VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның бес дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
        Денис Тен - Әлем чемпионатын (2013, 2015) Continental чемпионатын (2015), қысқы Универсиада (2017), қысқы Азия ойындары(2011), сондай-ақ мәнерлеп сырғанау бойынша Гран-при этаптарын жеңіп алған тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы алғашқы және жалғыз спортшы. Жасөспірімдер арасында өткен Гран-при чемпионатында (2008) алтын медальды иеленіп, ГИП турнир жүлдесін жеңіп алған тұңғыш қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы болды. Ерлер арасында Бильман айналма билерді орындайтын бірден бір мәнерлеп сырғанаушы.
        Денис Қазақстанды 2010 жылғы Олимпиада ойындарында еркектер арасындағы ең жас қатысушы(2016) болып таныстырды.
        Денис Тен Конькимен мәнерлеп сырғанауды денсаулық тобында үйренеді. Мәнерлеп сырғанаудан бөлек, ол басқа спорт түрлерімен, атап айтқанда, теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзумен айналысып, би және сурет салу мектебіне барған.
Музыка мектебінде 5 сыныпты тәмамдап, хорға қатысқан.
       2002 жылы Денис Тен қатысқан хор ұжымы Пусандағы Хор Олимпиадасында күміс медаль иеленді.
       Кейіннен мәнерлеп сырғанаумен айналысуға біржола ден қойды. 2003 жылы "Хрустальный конек" турнирінде оны Елена Буянова (Водорезова) байқап, Мәскеуге өзінің қол астында жаттығуға шақырады. Тен ересек спортшылармен жарысып, 2006 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңеді. Бірақ халықаралық деңгейде келесі жылдан бастап көрінеді, оған Халықаралық конькимен сырғанаушылар Одағының жас шектеулері (13 жас) себеп болады. 2010 жылы Нидерланддағы Гран-при жасөспірімдер этапында 10-шы болды.2014 жылы өткен Сочи олимпиадасында қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені әперді, яғни қола жүлде иегері болды.


Денис Тен Алматы қаласында туған және корей ұлтының өкілі болып табылады. Денис Корей империясы кезінде даңқты қолбасшысы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы. Калифорниядағы Лос-Анжелес қаласында жаттықты. 2018 жылы 19 шілдеде пышақ жарақатынан ауруханада қайтыс болды.