Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Дана Нұржігіт

Дана Нұржігіт

Дана отбасының үлкені, екі бауыры бар. Інісі Рүстем Нұржігіт – елге танымал əнші.

Дана Нұржігіт - 1972 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Лахалы елді мекенінде туған. Бастауыш сыныпты Қызылордадағы №198 мектепте оқыған. Ол мектепте қазақстандық танымал азаматтар Мұрат Əбенов, Илья Ильин де білім алғаны айтылады.

Дананың отбасы, кейін Алматы іргесіндегі Есік қаласына көшеді. Ол жақта бірінші сыныпты бітірген, ата-анасы Алматыдағы А.Жұбанов атындағы музыка мектебіне оқуға түсірген. Дана музыка мектебінде оқығанын мақтан тұтып: «Сол мектептен өнерді ғана емес, адамды тануды да үйрендім»-деп айтып жүр.

Ол бала кезінен əдебиетке жақын өскен. Музыка мамандығын бітіріп, сол саланы ұстаздық еткен Дана Нұржігітова телевидениеден бір-ақ шықты.

Дана 1997 жылдан бастап, телеарнаға келді. Қазірде, бірнеше интелектуалдық бағдарламалардың авторы, қазақ телевидениесіне өз ізін қалдырған танымал журналист.

Тележүргізуші уақыты келгенде, музыка мен журналистикадан білгенімді ұштастыратын оқу орталығын ашқысы келетінін айтып жүр.