Ақын Сабырхан Асанов Шәмші Қалдаяқовпен дос еді. Бірге шығармашылық ізденісте болды. Тіршілігінде тағдырдың талай тауқыметін де, тарлығын да көргенімен, нәзік жүрегін тербеген ән әуенін Шәмшідей жетікізе білген адам жоқ,-депті ақын бір сөзінде.

Ал. Шәмшідей ғажайып жанның қасында жүріп, талай оқиғалардың куәсі болған, өмірдің біраз өткелдерін бірге өткерген сазгер Мыңжасар Маңғытаев болса Шәмшінің адами болмысын жиі айтып отырушы еді.

Ақын Сабырхан мен сазгер Мыңжасардың 1993-ші жылы үнтаспаға түскен Шәмші жайлы сыр-сұхбаты Қазақ радиосының "Алтын қорында" сақталған. Сағат 15-10-да эфирге шығатын "Дәуір үні" хабарын өткізіп алмаңыз.