Отандық фильм тағы да киносүйер қауым көңілінен шықпады. Көпшіліктің көңілін күпті еткен Санжар Мәдиев. Ол бас кейіпкердің образын аша алмады. Қоғам осы пікірді алға тартады.

Ал, Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында сұхбат берген кинотанушы Баубек Нөгербек отандық туынды туралы өз ойымен бөлісті.

Бағдарлама қонағының айтуынша, қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевты актер Дулыға Ақмолда сомдауы қажет еді.
«Әміре Қашаубаевтың тұлғасын таныту фильмнің басты мақсаты. Бірақ, мұнда қызықты жайттар көп. Біріншіден, бұл фильмде тарихи деректерге қатысты өте көп бұрмалаушылықтар орын алған. Бұл фильмнен үш нақты деректі білеміз. Яғни, Әміре Қашаубаев 1925 жылы Францияға барып, байқауға қатысып, жеңімпаз болғаны. Сонымен қатар, Мұстафа Шоқаймен кездескені туралы. Сюжеттің қалған бөліктері фантазияға құрылған. Оны былай түсіндіруге болады. Аристотель кезінде айтқан, драматург тек болған оқиғаны ғана жазбау керек. Болуы мүмкін оқиғаларды да жазуға болады деп. Сценарийді көркемдеу барысында мұндай деректер қосуға болады.