«Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін емес». Ұлт ұлыларының бірі Мұстафа Шоқай кезінде осылай деген екен. Иә, ұлттық рух сонау түркі дәуірі – көк бөрінің ұрпағына тән қасиет.

Тар жол, тайғақ кешуде атам қазақ аттан түспей рухты ұрандаған. Сол ұлт болмысын кешегі кеңес дәуірінің жандайшаптары да жанши алмады. Өйткені ел мүддесін жоғары қоятын зиалы қауым қуатты еді. Солардың қатарында қазақтың белгілі қаламгері - Сәкен Жүнісов те бар. Сарыарқаның серісі Сәкен Нұрмақұлы: «Қазақ рухының иісі-алдымен ана тілі, тарихы және салт-дәстүрі»,-дегенді жиі айтушы еді. Ол, қызыл империяның идеологиясынан ыққан жоқ. Қаламгердің әр шығармасы ұлттық рухпен шендесіп, тарихпен табысатын.

Қазақ радиосының "Алтын қорында сақталған Сәкен Жүнісовтің бір сұхбат-әңгімесі сол ұлттық рухтың дәнекері іспетті. Бүгін сағат 15,10-де Қазақ радиосының эфиріне шығатын "Дәуір үні" хабарын өткізіп алмаңыздар.