Қытай алмалары жеуге жарамсыз. Мамандар осылай деп дабыл қағады. Бұл туралы Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтылды.

«Біздің зертханамызға былтырдан бері алма, алмұрт, жүзім, мандарин, қияр, қызанақ, құлпынай, сәбіз өнімдерін тұтынушылар әкелді. Біз осы жеміс-жидектерді зерттедік. Олардың ішінен алманың құрамынан «альфа-циперметрин» пестициді табылды. Пестицид өзінің нормасынан 10 есе көп шықты. Бұл алмалар Қытайдан әкелінген. Бұл өте қауіпті. Пестицидпен өңделген алмаға құрт та келмейді. Шамамен 1-2 айға дейін сақтала береді»,- дейді Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты «Пестицидтер және токсикологиясы зертханасының» маманы Гүлниса Рвайдарова.

Мамандар тұтынушылар құрт түскен алманы алуға кеңес береді. Себебі, мұндай алмаларда ешқандай химикат болмайтынын алға тартты.