Астанада жас кәсіпкер Айбар Үсенов Robo Wunderkind модулін қолданатын әлемдегі ең алғашқы Robo Cube мектебін ашты.

Жас та болса табандылық пен жігерлілігін танытып, өз ісін бастаған жас кәсіпкер өз бизнесін ашудың қаржылық қана емес, қоғамдық маңызы да бар екенін айтады. Бұл туралы ол Қазақ радиосының «Табыс кілті» бағдарламасына берген сұхбатында тілге тиек етті.
"Біздің мектептің басты мақсаты- Қазақстандық бүлдіршіндерді робототехника және бағдарламалауға үйрету. Қарап отырсаңыз, шетелдік көптеген балалар небары 15-20 жасында IT технология, робототехника, жалпы ғылымда үлкен жаңалықтар ашып, жетістіктерге жетіп жатады. Әрине, бізде де ғылыми табыстарға қол жеткізгендер бар, алайда көп емес. Сондықтан біздің балаларды кішкентай кезінен ғылымға осылай баулысақ олар болашақта жақсы нәтежиелер көрсетеді деп үміттеміз" дейді кәсіпкер.