Соңғы кездері қазақ киноларын шетелдік аудиторияға арнап түсіру белең алды. Алайда, бұл туындылардың қазақ көрермендеріне берері не?

Киносүйер қауымға дұрыс дүние ұсынып жүрміз бе?

Осындай сауалдарға режиссер Данияр Саламат жауап берді. Сценарист өз пікірімен «Сахна сыры» бағдарламасында бөлісті.

«Киноны шетелге арнап түсіру деген сауатсыздық. Себебі, әдебиет пен киноға қойылатын көркем категориялар бірдей. Шетелге арналған қазақ шығармасы бар ма? Жоқ қой! Кез – келген кітап, шығарма тек қазаққа арналып жазылады. Кез-келген шетел әдебиеті ол өзінің халқына арнайды. Өз ұлтының сүзгісінен өткізеді. Егер бағалы дүние болып жатса, онда шетелдіктер өздері-ақ көшірмесін жасап алады. Біз өзіміздің рухымызды биіктеп алайық!», - дейді режиссер Данияр Саламат.