Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Таңғажайып қытай» атауымен көрме өтті. Көпшілікке ұсынылған картиналарда Қытайдың шығыс жағалауында орналасқан Цзянсу провинциясының көрікті жерлері бейнеленген. Аталмыш өңір әлемнің ең ірі қалалық агломерациясының үздік алтылыған кіреді. Сондықтан да, ұйымдастырушылар - осы аймақты таныстыруға таңдау жасаған.

Екі ел өз құндылықтарын паш ету үшін халықаралық деңгейдегі көрме ұйымдастыруды қолға алды. Соңғы үш жылда мұражай бағытындағы байланыстар қарқынды дамып келеді. Биыл Қазақстан қытайлықтарды «Алтын адаммен» таң қалдырмақ. Яғни, шығыс халқы жуырда киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген жәдігермен танысатын болады.

«Бір жол, бір белдеу». Қытай-қазақ достық ынтымақтастығының жаңа тарауы осындай тақырыппен жазылуда. Себебі, екі ел бірлесіп бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғауға кіріскен. Айта кетейік, көрменің жалғасы бар. Бұл жолы қазақстандықтар Қытайдың сол жағалауын тамашаласа, келесі жолы Чандэ өңірінің кереметтерімен танысатын болады.

«Бұл өте ауқымды жоспар. Бір жылға келісілген. Осы шара аясында түрлі бағыттағы көрме ұйымдастырылады. Олар: провинцияларды насихаттау, мәдени, экономикалық бағытта жүзеге асады. Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасында қарым – қатынас барлық сала бойынша жүйелі даму үстінде. Соның ішінде, мәдени байланыс та қарқынды дамып келеді»,- ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатыбалдин.

«Қытайдың Цзянсу провинциясы барлық салада өте қарқынды дамыған. Көне заманнан бері экономикасы да, мәдениеті жақсы дамыған. Провинцияның территориясы 100 километрді ғана құрайды. Халқы тығыз орналасқан. Шамамен 80 млн.-ға жуықтайды. Бірақ, өте бай өңір. Өзен көлдер көп. Климаты субтропикалық. Сондықтан, біз осындай ғажайыптарымызды қазақстандықтарға таныстырғымыз келді», - Қазақстандағы ҚХР Төтенше және өкілетті елшісі Жаң ХәнХуэй.